22.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Интер» Серия А кестесінде оныншы орынға көтерілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Интер» Серия А кестесінде оныншы орынға көтерілді

Италия чемпионатының 4-турында миландық «Интер» өз алаңында «Сассуолоға» қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу «Джузеппе Меацца» стадионында өтті.

Есеп 14-минутта ашылды — «Интердің» қорғаушысы Федерико Димарко мергендігімен көзге түсті. Ал 81-минутта «Сассуоло» ойыншысы Тарик Мухаремович өз қақпасына гол соғып алды. Үш минуттан соң қонақтар сапынан Валид Хеддира таразы басын теңестіргенімен, матч соңында нәтиже өзгермеді — 2:1.

Бұл жеңістен кейін «Интер» төрт ойында 6 ұпай жинап, турнирлік кестеде 10-орынға жайғасты. «Сассуоло» үш ұпаймен 14-сатыда тұр.

Келесі турда «Интер» 27 қыркүйекте сырт алаңда «Кальяримен» кездеседі. Ал «Сассуоло» 28 қыркүйекте өз алаңында «Удинезені» қабылдайды.