Оқу уақыты: 1 мин

«Интер өтуі мүмкін, бірақ мен «Барселонаға» сенемін» — Самат Смақов Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта ойын туралы

«Интер өтуі мүмкін, бірақ мен «Барселонаға» сенемін» — Самат Смақов Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта ойын туралы

Мамырдың 6-нан 7-не қараған түні Миланда Чемпиондар лигасының жартылай финалының қарымта матчы өтеді. «Интер» мен «Барселона» арасындағы ойынның басталуы —Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де.

Алғашқы кездесуде каталондықтар есепті теңестіріп үлгерді — 3:3, сөйтіп «Интерге» «Олимпикте» басымдық танытуға мүмкіндік бермеді.

Талдықорғанның «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов Sport Pulse порталына қарсыластардың алдағы жауапты ойындағы мүмкіндіктеріне қатысты пікір айтты:

— Бірінші матч тартысқа толы болды. «Интер» аяқдопшылары «Барселонаны» еш қиындықсыз жарыс жолынан шығарып тастай алатынын көрсетті. Ойын енді Миланда өтетінін ескерсек, алдағы кездесу де өте қызықты әрі қиын болатыны анық. «Интер» өз алаңында өте сенімді ойнайды. Бірақ мен «Барселонаның» жанкүйері ретінде, әрине, бұл команданың жеңісіне сенемін. Каталондықтар басымдық таныта алады деп ойлаймын, дегенмен нақты есепті болжау қиын.

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 6 мамыр

Басталу уақыты: 23:55

Стадион: «Джузеппе Меацца», Милан

Бас төреші: Шимон Марчиняк (Польша)

Тікелей көрсетілім: Qazsport телеарнасы

Басты сурет: uefa.com

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!