Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Интер Майами» сырт алаңда «Чикагомен» гол соға алмай, ұпай бөлісті

«Интер Майами» МЛС аясындағы сырт алаңдағы кездесуінде «Чикаго Файрмен» 0:0 есебімен тең түсті. Ойын Чикагодағы «Солджер Филд» стадионында өтті.

Қонақтар сапында Лионель Месси, Луис Суарес және Серхио Бускетс толық матчты өткізді. Жорди Альба ойынға екінші таймда қосылды. Қос тарап та бірнеше мүмкіндік жасағанымен, есеп ашылмады.

Бұл нәтижеден кейін Дэвид Бекхэмнің клубы 15 ұпаймен Шығыс конференциясында төртінші орында қалды. «Чикаго» 12 ұпаймен сегізінші сатыда тұр.

Келесі турда «Интер Майами» «Коламбус Крюге» қарсы ойнайды, ал «Чикаго» өз алаңында «Цинциннатиді» қабылдайды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!