Оқу уақыты: 1 мин

«Интер Майами» MLS матчында ірі есеппен жеңіске жетті

«Интер Майами» MLS матчында ірі есеппен жеңіске жетті

MLS турнирінде «Интер Майами» мен «Нью-Йорк Ред Буллз» арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Форт-Лодердейлдегі DRV PANCA стадионында өтіп, алаң иелері 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Жеңімпаздардың голдарын Фафа Пико, Марсело Вейгандт, Луис Суарес және Лионель Месси соқты.

Қонақтардың жалғыз голын Мохаммед Софо соқты.

«Интер Майами» үш кездесуде екінші ойында жеңіске жетті. Нью-Йорк Ред Буллз соңғы үш ойында екінші рет жеңіліске ұшырады.