Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Интер Майами» маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

Месси Интер

МЛС тұрақты чемпионатының матчында «Интер Майами» өз алаңында «Далласқа» 4:3 есебімен жол беріп, маусымдағы алғашқы жеңілісін тіркеді, деп хабарлайды Matchtv.ru.

Қонақтар сапында қорғаушы Шакил Мур ерекше көзге түсті — ол қарсыластың да, өз қақпасына да гол соқты. Сондай-ақ «Даллас» құрамында Осазе Урогиде, Андерсон Хулио және Педриньо маңызды рөл атқарды. «Интер Майами» сапынан Давид Мартинес пен Аллен Обандо голдармен ерекшеленді.

Матчтың басты ерекшелігі — «Интер Майами» құрамында негізгі шабуылшылар Лионель Месси мен Луис Суарес алаңға шыққан жоқ. Жаттықтырушылар штабы оларды матчқа қоспау туралы шешім қабылдаған.

Бұл жеңілістен кейін «Интер Майами» 18 ұпаймен Шығыс конференциясының бесінші орнында тұр, ал «Даллас» 15 ұпай жинап, Батыс конференциясында алтыншы орынға көтерілді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!