14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Интер Майами» КОНКАКАФ Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

КОНКАКАФ Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық жауап матчында «Интер Майами» сырт алаңда «Кавальерді» 2:0 есебімен жеңді.

37-ші минутта Луис Суарес пенальтиден гол соғып, есеп ашты. 53-ші минутта уругвайлық шабуылшының орнына алаңға Лионель Месси шықты. Ол қосымша уақытта матчтың соңғы нәтижесін белгіледі.

Бір апта бұрын өткен алғашқы ойында да «Интер Майами» дәл осындай есеппен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, америкалық клуб турнирдің келесі кезеңіне сенімді түрде өтті.