23.06.2025
Оқу уақыты: 2 мин

«Интер Майами» – «Палмейрас»: Клубтық әлем чемпионатына болжам (24.06.2025)

«Интер Майами» – «Палмейрас»: Клубтық әлем чемпионатына болжам (24.06.2025)

24 маусым, 06:00 (Астана уақыты)
«Хард-Рок» стадионы, Майами-Гарденс (АҚШ)

24 маусым күні Клубтық әлем чемпионатының А тобы аясында үшінші тур ойыны өтеді. Майами-Гарденс қаласында «Интер Майами» мен «Палмейрас» командалары кездеседі. Қос ұжым да 4 ұпайдан жинаған. Ал осы топтағы «Порту» мен «Аль-Ахлиде» бір ұпайдан ғана бар. Сондықтан плей-оффқа шығу мәселесі іс жүзінде шешілген, тек ерекше жағдай болмаса, командалар келесі кезеңге өтеді.

Букмекерлердің пікірі бойынша, бұл матчта фаворит – Оңтүстік Америкадан келген клуб.

  • «Интер Майамидің» жеңісіне – 5.90

  • Тең ойынға – 2.37

  • «Палмейрастың» жеңісіне – 2.25

  • Жалпы гол саны 2.5-тен көп болады дегенге – 2.62

  • Екі команда да гол соғады деген болжам – 1.93

Интер Майами

Хавьер Маскерано баптайтын команда ойын көшбасшысы әрі капитан Лионель Мессидің шабытына тәуелді. «Портуға» қарсы ойында дәл солай болды – аргентиналық жұлдыз орталық алаңда бүкіл ойынның бағытын анықтап отырды, әріптестеріне тамаша пастар таратты.

Алайда мұндай әсерлі ойын әр матчта бола бермейді. Осы себепті команда «Портумен» жақсы ойнағанмен, әлдеқайда әлсіз «Аль-Ахлимен» ойында жеңіске жете алмады. «Интердің» жарты құрамы – жасы келген, аты дардай футболшылар. Олар әр матчта бір деңгейде өнер көрсете алмайды.

Палмейрас

Абел Феррейраның командасы – әлдеқайда тұрақты. Олар қорғанысқа көңіл бөлу арқылы жетістікке жетіп жүр. Бразилия чемпионатының 11 турында бар болғаны 12 гол соққанымен, үздік төрттіктің қатарында.

«Аль-Ахлиге» қарсы матчта да сенімді ойын көрсетті. Қарсылас қақпасына бар болғаны бір ғана дәл соққы жасап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, голдардың бірі қарсылас ойыншысының автоголы болды.

Жеке кездесулер тарихы

Бұл командалар бұған дейін бір-бірімен ойнамаған. Бұл – олардың алғашқы кездесу болмақ.

Болжам

Қос команданы да тең нәтиже қанағаттандырады. Дегенмен «Интер Майами» өз алаңында ойнайды және жанкүйерлердің қолдауы олар үшін үлкен күш болмақ. Сондықтан «Интер Майами» жеңілмейді деген бәс тігуді ұсынамыз. Коэффициент – 1.69.

Узнайте первыми результаты всех футбольных матчей на нашем сайте Страница результатов матча