01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Интер Майами» кубоктың финалында «Сиэтл Саундерстен» жеңілді

«Интер Майами» кубоктың финалында «Сиэтл Саундерстен» жеңілді

Сиэтлдегі (АҚШ, Вашингтон штаты) Lumen Field аренасында жергілікті «Сиэтл Саундерс» пен «Интер Майами» арасындағы Лига кубогының финалдық ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алаң иелері 3:0 есебімен ойсырата жеңіске жетіп, жарыста топ жарды. Бұл олардың турнир тарихындағы бірінші титулы.

Айта кетейік, «батырлардың» атақты шабуылшылары Лионель Месси мен Луис Суарес гол соға алмады. Команданың басқа да жұлдызды ойыншылары Жорди Альба, Родриго Де Пауль және Серхио Бускетс те ойынды нәтижесіз аяқтады.

Қола үшін өткен кездесуде «Лос-Анджелес Гэлакси» «Орландо Ситиді» 2:1 есебімен ұтты.

Лига кубогы — 2019 жылдан бері MLS (АҚШ және Канада) және Liga MX (Мексика) клубтары арасында өткізілетін жыл сайынғы Солтүстік Америка футбол турнирі. Өткен маусымда турнирді Колумбус Крю жеңіп алды.