14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Интер» Конені 50 миллион еуроға трансферлеуге келіссөз жүргізуде

«Интер» Конені 50 миллион еуроға трансферлеуге келіссөз жүргізуде

RMC Sport мәліметінше, «Интер» «Романың» жартылай қорғаушысы Куадио Конені сатып алуға жақын — клубтар арасындағы келіссөздер соңғы кезеңде тұр.

24 жастағы футболшының трансферлік құны шамамен 50 миллион еуро деп бағаланады — милан клубы француз ойыншы үшін осынша төлеуге дайын.

Өткен Серия А маусымында Коне 34 матчқа қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.