06.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Интер» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

«Интер» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

Миландық «Интер» клубының жаңа бас бапкері болып Кристан Киву тағайындалады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо жазды. Оның ақпараты бойынша, келісімшарт 2027 жылға дейін есептелген. Жалақысы шамамен 2,5 млн еуро көлемінде болады.

Румыниялық маман бапкер ретінде үлкен футболда бар болғаны 13 матч өткізіп, 3 рет қана жеңіске жеткен.

Футболшы ретінде «Интер» сапында 2007-2014 жылдар аралығында ойнаған маман алғашқы жаттығуын дүйсенбі өткізеді.