Оқу уақыты: 1 мин

«Интер» Чемпиондар Лигасының финалында

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Интер» Чемпиондар Лигасының финалында

Чемпиондар Лигасының жартылай финалының қарымта матчында «Интер» өз алаңында — Милан қаласындағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында — «Барселонаны» қабылдады. Алғашқы кездесу Каталонияда 3:3 есебімен аяқталған болатын.

Қайта матчтың алғашқы таймында «Интер» қарқынды бастады. Алдымен Лаутаро Мартинес есеп ашса, артынша Хакан Чалханоглу көзге түсіп, есеп 2:0-ге жетті (жалпы есеп – 5:3).

Алайда екінші таймда «Барселона» керемет камбэк жасады. Эрик Гарсия, Дани Ольмо және Рафинья қатарынан үш гол соғып, матчтағы есепті 2:3, ал жалпы есепті 6:5-ке өзгертті. Осы нәтижемен ойын аяқталуға жақын қалған кезде, «Интердің» қорғаушысы Ачерби маңызды гол соғып, есепті 3:3-ке жеткізді (жалпы – 6:6).

Қосымша уақытта ойын тағдырын Фраттези шешті — оның голы «Интерге» 7:6 есебімен жеңіс сыйлап, финалға жол ашты.

Финалда миландықтар «Арсенал» мен «ПСЖ» арасындағы жеңімпазбен кездесетін болады.