Оқу уақыты: 1 мин

«Интер» «Барселонаны» сан соқтырып кетті — Лаутаро оралады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Интер» «Барселонаны» сан соқтырып кетті — Лаутаро оралады

«Интердің» бас бапкері Симоне Индзаги «Барселонамен» болатын маңызды матч қарсаңында тосын шешімдерге барғандай. Жарақаттан оралады деп күтілмеген екі ойыншы да қатарға қосылды.

Лаутаро Мартинес бүгінгі жаттығуды жеке бастап, кейін командамен бірге толыққанды дайындық жүргізді.
Sky Sport мәліметінше, аргентиналық шабуылшы өзін жақсы сезінетінін айтып, ертеңгі матчта негізгі құрамда шығуға дайын екенін жеткізген.

Ал Бенжамен Павар жеке жаттығу кезінде ауырсынуды сезініп, оның ойынға қатысуы екіталай болып тұр.

«Интердің» бұл жүрістері каталондықтар үшін күтпеген жаңалық болуы мүмкін. Ертеңгі матчта кім нақты алаңға шығатыны соңғы сәтте анықталмақ.