16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Инсайдер: Аты шулы Dota 2 ойыншысы Ace мансабын аяқтайды

Инсайдер: Аты шулы Dota 2 ойыншысы Ace мансабын аяқтайды

Инсайдер Бауыржан «lilskrip» Бисембаевтың мәліметі бойынша, даниялық киберспортшы Маркус «Ace» Хёлгард Dota 2-дегі кәсіби мансабын аяқтау алдында тұр.

Ойыншының өзінен ресми мәлімдеме болмаса да, оның кәсіби сахнадан кетуін жарты жыл бұрын болжаған — Gaimin Gladiators командасы даниялықтың мансабындағы соңғы ұжым болды.

13 жылдық кәсіби мансабында Хёлгард киберспорттың жетекші ұйымдарында өнер көрсетті:

  • MOUZ
  • Meet Your Makers
  • Cloud9
  • Team Secret
  • Ninjas in Pyjamas

Ойыншы ең үлкен жетістікке Gaimin Gladiators құрамында жетті — беделді The International турнирінің финалына екі рет шықты.