24.02.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Инкар Дюсебай алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарды, Григорий Ломакин өз титулын қорғады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Елордадағы «Даулет» теннис орталығында ересектер арасындағы қысқы Қазақстан чемпионаты аяқталды деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының ресми сайты .

Қыздар арасындағы финалда Альбина Какенова мен Инкар Дюсебай кездесті. Күтілгендей-ақ тартысты өткен матч 1,5 сағатқа созылып, Дюсебай 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, 18 жастағы теннисші тұңғыш рет ел чемпионы атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады. Қола медаль үшін өткен кездесуде Аружан Сагандыкова Ева Корышеваны 3:6, 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Ерлер арасындағы финалда өткен жылғы чемпион Григорий Ломакин өз атағын қорғап, Шымкент теннис мектебінің өкілі, турнир сенсациясы атанған Никита Николенконы сенімді түрде жеңді (6:4, 6:2). Қоланы Таир Сарманов иеленді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол Артём Сидоровты 6:2 есебімен жеңді, ал Сидоров жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.

Жұптық жарыс нәтижелері

Қыздар
1 орын – Сандуғаш Кенжібәева / Аружан Сагандыкова
2 орын – Сатима Төреген / Инкар Дюсебай
3 орын – Анастасия Крымкова / Альбина Какенова

Ерлер
1 орын – Григорий Ломакин / Виталий Зацепин
2 орын – Таир Сарманов / Ерасыл Бахтияр
3 орын – Темірлан Карім / Артём Сидоров

«Жалпы, Қазақстан чемпионаты өте тартысты өтті. Соңғы жылдары бізде жақсы дәстүр қалыптасты – әрбір біріншіліктен кейін жаңа есімдер жарыққа шығып, спорт шебері нормативін орындауда. Әсіресе Team Kazakhstan академиясының өрендері – Инқар Дюсебай, Альбина Какенова, Сатима Төреген, Таир Сарманов, Ерасыл Бахтияр және Ева Корышеваны ерекше атап өткім келеді. Академия Қазақстан теннис федерациясының президенті Булат Өтемұратовтың бастамасымен құрылған болатын, және оның тәрбиеленушілерінің ішкі және халықаралық ареналарда жақсы нәтиже көрсетіп жатқаны қуантады», – деді Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова.