08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Иньиго Мартинес Роналдудың командаласы болады

Иньиго Мартинес Роналдудың командаласы болады

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы «Барселона» қорғаушысы Иньиго Мартинеспен келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, испаниялық футболшы жақын арада каталониялық клубпен келісімшартын бұзып, саудиялық командаға еркін агент ретінде қосылады.

Мартинес «Әл-Насрмен» 2026 жылдың маусымына дейін келісімшарт жасасады, сонымен қатар келісім мерзімін 2027 жылдың маусымына дейін ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

Орталық қорғаушы 2023 жылдың жазынан бері «Барселона» сапында ойнады. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде 71 матч өткізіп, 3 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген.

Transfermarkt порталы футболшыны 5 миллион еуроға бағалап отыр.