Оқу уақыты: 1 мин

Инфантино 2030 жылғы әлем чемпионатында командалар санын көбейту мүмкіндігін қарастыруда

Инфантино 2030 жылғы әлем чемпионатында командалар санын көбейту мүмкіндігін қарастыруда

ESPN мәліметі бойынша, ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысушылар санын 48-ден 64 командаға дейін көбейту мүмкіндігін қарастыруда.

ФИФА президенті Джанни Инфантино — турнирдің жүз жылдық мерейтойына орай оны кеңейту идеясын қолдады. Азия футбол конфедерациясының басшысы Салман бин Ибрахим Әл-Халифа да қатысушылар санын көбейтуді жақтады.

Алайда, бұл ұсыныс әртүрлі пікір тудырды — УЕФА президенті Александер Чеферин мен КОНКАКАФ басшысы Виктор Монтальяни бұл бастамаға қарсы шықты.

«Әлем чемпионатының 100 жылдығын тойлау ерекше оқиға болмақ. Әр идея — жақсы идея», — деді Инфантино Парагвайдағы ФИФАның 75-ші Конгресінде.