Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Индзаги: «Біз жанкүйерлерімізді жерге қараттық»

TuttomercatoWeb хабарлағандай, «Интер» бас бапкері Симоне Индзаги Италия кубогының жартылай финалындағы «Миланнан» 0:3 есебімен ұтылған матчтан кейін пікір білдірді.

«Біз көп келген жанкүйерлерімізді жерге қаратып қойдық. Бұл — футбол. «Миланды» құттықтауымыз керек. Бірінші таймда жасаған мүмкіндіктеріміз көбірек ұпай алуға лайық еді. Үзілістен кейін бұрыштамадан гол жібердік, содан кейін ойын деңгейі төмендеп кетті», — деді Индзаги.

Ол «Интердің» қатарынан екі рет жеңілуге үйренбегенін атап өтті.

«Бұл жеңілістерді мұқият талдауымыз керек. «Болоньядан» жеңілуге лайықты емес едік, ал бүгін екінші таймда мүлде басқаша ойнадық. Де Врей есеп аша алатын еді, бірақ мойындау керек — «Милан» маусым бойы бізге қиындық туғызумен болды».

Сөз соңында бапкер команда енді маусымның қалған бір айына және жексенбіде өтетін «Ромаға» қарсы маңызды матчқа назар аударатынын айтты.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!