23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ильяс Амирсеитов Қазақстан Премьер-лигасындағы 250-матчын өткізді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ильяс Амирсеитов Қазақстан Премьер-лигасындағы 250-матчын өткізді

«Қайсар» қорғаушысы Ильяс Амирсеитов ел чемпионатындағы 250-матчын өткізді. Мерейтойлы кездесу Премьер-лиганың 18-туры аясында «Қайратқа» қарсы ойынға (1:1) сәйкес келді.

Футболшы жоғарғы дивизиондағы алғашқы ойынын 2010 жылдың 22 наурызында «Қайрат» сапында сырт алаңда «Локомотивке» қарсы матчта өткізді. Ол кездесудің 15-минутында алаңға шыққан. Алматылық команда құрамында Амирсеитов 30 ойын өткізген.

Кейінірек ол «Сұңқар» (16 матч, 1 гол), «Спартак» (9 матч), «Мақтаарал» (9 матч), «Жетісу» (67 матч, 2 гол) сапында ойнады. 2018 жылдан бері «Қайсар» намысын қорғап келеді. Қызылордалық клубта ол 119 ойынға қатысқан.

35 жастағы қорғаушының жалпы статистикасы – 250 матч және 3 гол.