10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Илон Маск Конор Макгрегорды қолдады

Илон Маск Конор Макгрегорды қолдады

Әлемге әйгілі кәсіпкер Илон Маск Ирландияның бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегордың саяси бастамасын қолдады. Бұған дейін Макгрегор отандастарын алдағы президенттік сайлауда өз кандидатурасын қолдауға шақырған еді.

Ирландиялық спортшы халықтың келісімінсіз ешбір заңға қол қоймайтынын мәлімдеді. Маск бұл сөздерге әлеуметтік желіде қысқа ғана пікір білдіріп:

«Ирландия халқы үшін Конор Макгрегордан артық жан аянбай күреспейді», – деп жазды.

Қазіргі таңда Макгрегордың жасы 37-де. Ол UFC-дағы соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың жазында өткізген, содан бері бизнес пен қоғамдық жобаларға ден қойып жүр.