29.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Илия Топурия UFC 317 турнирінде Оливейраны бірінші раундта нокаутқа түсірді

Илия Топурия UFC 317 турнирінде Оливейраны бірінші раундта нокаутқа түсірді

Лас-Вегаста өткен UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңілмеген Илия Топурия (17-0) бразилиялық файтер Чарльз Оливейрамен (35-11) кездесті.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағы сарапқа салынды — бұл белбеу Ислам Махачев орта салмаққа көшкеннен кейін босаған болатын.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды — Топурия Оливейраны бірінші бес минуттықта нокаутқа түсірді.

Грузин текті испан спортшысы үшін бұл мансабындағы екінші чемпиондық атақ — бұған дейін ол жартылай жеңіл салмақта белбеуді иеленген болатын.