Sport24.ru хабарлағандай, UFC-дің бұрынғы чемпионы Илия Топурия «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдумен келіспеушілік туралы пікір білдірді.
Португалдық футболшы UFC 308 турнирі алдында Топурияның Макс Холлоуэйден жеңілетінін болжап — испан-грузин файтерін тым көп сөйлейтіні үшін сынға алған.
«Криштиану маған ұнамайды. Роналду керемет спортшы, атлет, бірақ сол сәтте оның мінез-құлқында мені таңқалдырған бір нәрсе болды. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеудің үлкен тәжірибесі бар адам қалай тұзаққа түсіп, танымайтын адам туралы пікір білдірді?» — деді Топурия Men’s Health-ке берген сұхбатында.
UFC файтері сондай-ақ жеке кездесу кезінде Роналдудың ол туралы пікірі жақсы жаққа өзгеретініне сенімділік білдірді.