21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Игорь Леонов: Біз өз ойынымызды ойнаймыз

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

2025 жылдың 21 ақпанында Қазақстан Суперкубогі қарсаңында «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Игорь Леонов пен команда қорғаушысы Әлібек Қасым қатысуымен баспасөз мәслихатын өтті.

Бас бапкер Игорь Леонов алдағы матчқа дайындық туралы пікір білдірді. Ол команданың физикалық және тактикалық тұрғыдан жақсы дайындалғанын атап өтті:

«Біз қарсыласымыздың күшті және әлсіз жақтарын мұқият зерттедік. Команда жоғары деңгейде ойнауға дайын және біз жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді.  Қайраттың жеке ойыншыларына тактикалық тұрғыдан дайындалмадық. Себебі біз өз ойынымызды ойнаймыз».

Қорғаушы Әлібек Қасым команданың ішкі атмосферасы мен өз дайындығы туралы айтты.

«Команда афтмосферасы керемет, бәріміз бір мақсатқа жұмылдық. Жеке өзім, физикалық және психологиялық тұрғыдан дайынмын. Суперкубокты жеңіп алу – біздің басты мақсатымыз», – деді Қасым.

Және журналистің «Ақтөбенің» Суперкубок финалындағы жеңіліссіз сериясы туралы сұрағына Әлібек Қасым жауап берді:

«Өте тамаша көрсеткіш. Біз осы бір керемет статистиканы бұзғымыз келмейді»

«Ақтөбе» Қазақстан Суперкубогінің финалына үш мәрте шығып, барлығында жеңіске жеткен болатын. Қазақстан Суперкубогі матчы 2025 жылдың 22 ақпанында «Астана Арена» стадионында өтеді.