12.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ига Швёнтек Уимблдонда тарихи жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ига Швёнтек Уимблдонда тарихи жеңіске жетті

Польша теннисшісі Ига Швёнтек өзінің мансабындағы алғашқы Уимблдон титулын жеңіп алды. Финалда ол америкалық Аманда Анисимованы 6:0, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ойын бір сағатқа жетпей аяқталып, турнир тарихындағы ең жылдам финалдардың біріне айналды.

Айта кетерлігі, дәл осы Анисимова турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық Юлия Путинцеваны дәл осындай есеппен ұтқан еді — 6:0, 6:0. Бірақ финалда өзі дәл сондай жеңіліске ұшырады.

Осылайша, Швёнтектің Үлкен дулыға турнирлеріндегі жалпы титул саны 6-ға жетті:
– 4 титул – «Ролан Гаррос»
– 1 титул – US Open
– 1 титул – Уимблдон

WTA рейтингісінің жаңартылған нұсқасында Ига бір саты жоғарылап, әлемнің үшінші ракеткасы атанбақ.

Уимблдондағы жеңісі үшін Швёнтек 3 миллион фунт стерлинг көлемінде жүлде ақшасын иеленді.

Келесі «Үлкен дулыға» турнирі — US Open, 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтеді.