08.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ига Швёнтек Уханьдағы турнирдің үшінші айналымына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ига Швёнтек Уханьдағы турнирдің үшінші айналымына шықты

«Үлкен дулыға» турнирлерінің алты дүркін жеңімпазы, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек WTA-1000 жарысының үшінші айналымына сенімді шықты. Польша теннисшісі екінші кезеңдегі кездесуін небәрі 1 сағат 19 минутта аяқтады.

Швёнтек әлемнің 41-ракеткасы, чехиялық Мари Боузковадан 6:1, 6:1 есебімен басым түсті. Ол матчта үш эйс жасап, екі қос қателік жіберді және 10 брейк-пойнттың алтауын тиімді пайдаланды. Боузкова бір қос қателікпен және екі мүмкіндіктің бірін брейкке айналдырумен шектелді.

Келесі айналымда Швёнтек ширек финал жолдамасы үшін Швейцария өкілі Белинда Бенчич пен бельгиялық Элизе Мертенс арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.