21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ига Швёнтек алғаш рет финалда 1:6 есебімен сет ұтылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ига Швёнтек алғаш рет финалда 1:6 есебімен сет ұтылды

Польша теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек Сеулде өткен WTA турнирінің финалында алғаш рет мансабында 1:6 есебімен сеттен айырылды.

Алты дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы финалда ресейлік Екатерина Александровадан (WTA рейтингінде 11-орын) бірінші партияда ірі есеппен ұтылды.

Бұл финал Швёнтек үшін мансабындағы 30-шы шешуші ойын болды. Бұған дейін ол финалдарда 18 рет 6:0 немесе 6:1 есебімен сет ұтып келген.

Жеке кездесулердегі статистикада Швёнтек басымдылық сақтап тұр — 5:2.
Турнир Сеулде 15–21 қыркүйек аралығында өтуде. Өткен жылғы чемпион атағын бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя қорғап отыр.