20.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ига Швентек жартылай финалдар саны бойынша Рыбакинамен теңесті

Ига Швентек жартылай финалдар саны бойынша Рыбакинамен теңесті

«Үлкен дулыға» турнирлерінің алты дүркін чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентек WTA турнирінде маусымдағы бесінші жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Швентек Сеулдегі (Оңтүстік Корея) турнирдің ширек финалында чехиялық Барбора Крейчикованы 6:0, 6:3 есебімен жеңді.

Осылайша, Швентек осы маусымдағы турнирлерде жартылай финалға шығу саны бойынша көшбасшы атанды. Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтық Арина Соболенко және қазақстандық Елена Рыбакина (рейтингіде 10-орын) да бес рет 1/2 финалға және әрі қарай өткен еді.

Айта кетейік, Сеулдегі турнирдің жартылай финалында Ига Швентек аустралиялық Майя Джойнтпен кездеседі.