22.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ига Швентек – жаңа маусым көшбасшысы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ига Швентек – жаңа маусым көшбасшысы

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Польшаның үздік теннисшісі, алты дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы Ига Швентек 2025 жылғы маусымда жеңістер саны бойынша көшке шықты.

Қазір оның қоржынында 57 жеңіс бар. Осы көрсеткіштің арқасында ол бірінші ракетка Арина Соболенконы басып озды.

21 қыркүйекте Сеулде өткен WTA-500 турнирінде Швентек финалда ресейлік Екатерина Александровадан басым түсті — 1:6, 7:6 (7:3), 7:5.

Бұл 24 жастағы спортшының WTA турнирлеріндегі 25-ші титулы және ағымдағы маусымдағы екінші жеңісі болды. Сонымен қатар, ол соңғы 15 матчтың 14-інде жеңіске жетіп, әлемдік теннистегі басты фавориттердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.