12.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ига Швентек Уимблдон финалында Анисимованы жеңді

Ига Швентек Уимблдон финалында Анисимованы жеңді

Әлемнің төртінші ракеткасы Ига Швентек WTA рейтингінде 12-орында тұрған америкалық теннисші Аманда Анисимованы Уимблдон-2025 финалында сенімді жеңіске жетті.

Поляк спортшысы — қарсыласына бірде-бір мүмкіндік бермей, матчты 6:0, 6:0 есебімен аяқтады. Турнирдегі жеңісі үшін Швентек 3 510 000 еуро көлемінде жүлде ақша мен 2000 рейтингтік ұпай алды.

Швентектің титулға жету жолында жеңген қарсыластары:

  • Полина Кудерметова (64) — 7:5, 6:1
  • Кэти Макнэлли (208) — 5:7, 6:2, 6:1
  • Даниэль Коллинз (54) — 6:2, 6:3
  • Клара Таусон (22) — 6:4, 6:1
  • Людмила Самсонова (19) — 6:2, 7:5
  • Белинда Бенчич (35) — 6:2, 6:0