07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

IBF рейтингтерін жаңартты: Әлімханұлы мен Зәурбектің позициялары өзгерген жоқ

IBF рейтингтерін жаңартты: Әлімханұлы мен Зәурбектің позициялары өзгерген жоқ

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың өзекті рейтингін ұсынды.

Орта салмақта чемпиондық атақ Жәнібек Әлімханұлына тиесілі — рейтингтің бірінші жолы бос қалып отыр, екінші орында италиялық Этинос Олиха, ал үшінші орынды америкалық Остин Уильямс иеленді.

Екінші жартылай жеңіл дивизион рейтингінде қазақстандық Сұлтан Зәурбек үшінші позицияны сақтап қалды — алғашқы екі орын бос қалып отыр, ал IBF чемпиондық белбеуі мексикалық Эдуардо Нуньеске тиесілі.