02.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

IBA ұйымының ерлер арасындағы әлем чемпионаты қашан өтетіні анықталды

IBA ұйымының ерлер арасындағы әлем чемпионаты қашан өтетіні анықталды

IBA ұйымының ерлер арасындағы әлем чемпионаты желтоқсан айында өтеді. Бұл туралы белгілі журналист Уалихан Қосанбай мәлімдеді:

«IBA ұйымының ерлер арасындағы әлем чемпионаты желтоқсан айының 3-13 аралығында Дубай қаласында өтетін болды»,- деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, IBA ұйымының 2023 жылы Ташкентте өткізген ерлер арасындағы әлем чемпионатына 110 мемлекет қатысқан болатын.

Сол сәтте жүлдегерлер (1-орын — 200 мың доллар, 2-орын — 100 мың доллар, 3-орын — 50 мың доллар) ақшалай сыйақы алған. Биылғы жаһандық додада бұл сыйақы 2 есеге көбеюі әбден мүмкін.