31.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

IBA.PRO директоры Усикке кім қарсылық көрсете алатынын айтты

IBA.PRO директоры Усикке кім қарсылық көрсете алатынын айтты

IBA.PRO ұйымының бас директоры әрі танымал промоутер Ал Сиестаның ойынша, суперауыр салмақта абсолют чемпион Александр Усикті жеңе алатын жалғыз боксшы бар, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол – жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін Мозес Итаума. Сиестаның сөзінше, Фрэнк Уоррен бұл жекпе-жекті ұйымдастыруға тәуекел етуі мүмкін. Дегенмен, Усик үшін бұл кездесу аса маңызды болмауы да ықтимал.

Айта кетейік, Итаума алдағы уақытта тәжірибелі Диллиан Уайтпен жұдырықтасуы керек. Соған қарамастан, Сиеста қазіргі таңда Усикті жеңе алатын спортшыны көріп тұрған жоқ екенін мәлімдеді.