12.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

IBA әлем чемпионаты: Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары анықталды

IBA әлем чемпионаты: Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары анықталды

IBA әлем чемпионатының финалындағы Қазақстан ұлттық бокс құрамасының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

IBA әлем чемпионатының финалында қазақстандық боксшылар келесі қарсыластармен кездеседі:

54 келіге дейін. Сәкен Бибосынов — Вячеслав Рогозин (Ресей)

57 келіге дейін. Оразбек Асылқұлов — Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)

71 келіге дейін. Абылайхан Жүсіпов — Сергей Колденков (Ресей)

75 келіге дейін. Сабыржан Аққалықов — Исмаил Муцолгов (Ресей)

Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Жеңімпаздарға 300 000 доллар, күміс жүлдегерлерге 150 000 доллар, қола жүлдегерлерге 75 000 доллар және ширек финалшыларға 10 000 доллардан беріледі.