25.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Иан Гарри Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Иан Гарри Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

UFC файтері Иан Гарри Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Гарри жартылай орта салмақтың экс-чемпионы Белал Мухаммадты жеңген еді.

«Ешкім әлі мұншалықты терең әрі бәсекелі дивизионда ноунеймдерден топ-файтерлерге дейін бәрімен айқасқан емес. Ал мен әлі титулдық жекпе-жек алмадым?

Махачев — Хабибтің шәкірті. Мен — Конордың мұрагерімін. Ислам Дағыстаннан шыққан жаңа толқындағы файтерлер өкілі. Ол төбелесте техникалық, партерде жан-жақты. Бірақ мен Конордан да жылдамырақ әрі әмбебаппын. Бұл — мінсіз жекпе-жек. Егер ол тіпті Дағыстанда айқасуды қаласа — мен дайынмын. Мен бұл әлемде ешкімнен қорықпаймын», — деді Гарри журналистерге берген сұхбатында.