16.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хёйзен — «Реал Мадридтің» жаңа ойыншысы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Хёйзен — «Реал Мадридтің» жаңа ойыншысы

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 20 жастағы қорғаушы Хёйзен алдағы уақытта «Реал Мадрид» ойыншысы атанады.

Карольдік клуб футболшыны 50 миллион еуро өтемақы арқылы сатып алады.

Трансфер бойынша барлық келісімдерге қол қойылған, ал жақын арада бұл ақпарат ресми түрде жарияланады.