10.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хвича Кварацхелия «ПСЖ»-де жылына 20 миллион еуро табыс табады

Хвича Кварацхелия «ПСЖ»-де жылына 20 миллион еуро табыс табады

Capology порталының мәліметінше, грузиялық футболшы Хвича Кварацхелия ПСЖ клубымен жалпы сомасы 81,8 миллион еуро болатын келісімшартқа қол қойды. Бұл сома салық шегерілгенге дейінгі көрсеткіш.

«Наполиден» 70 миллион еуроға ауысқан 24 жастағы қанатшабуылшы маусымына 16,36 миллион еуро жалақы алатын болады.

Футболшының апталық табысы – 314 615 еуро, ал бонус төлемдерін қоса есептегендегі жылдық табысы 20 миллион еуроға дейін жетеді. Бұл сома қазіргі бағаммен шамамен 11,5 миллиард теңгеге тең.

Кварацхелия ПСЖ құрамына қосылған ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың біріне айналды.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!