28.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хосеп Гвардиола «Ливерпульді» чемпиондық атағымен құттықтады

Хосеп Гвардиола «Ливерпульді» чемпиондық атағымен құттықтады

«Матч ТВ» хабарлауынша, «Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола Англия Премьер-лигасының 34-ші турында «Тоттенхэмді» 5:1 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанған «Ливерпульге» құттықтауын жолдады.

«Өз атымнан және бүкіл клуб атынан «Ливерпульді» АПЛ-дағы жеңісімен құттықтағым келеді. Лайықты атақ, бұл жөнінде еш күмән жоқ. Керемет команда. Енді олар келесі маусымда атағын қорғауға тырысады. Біз де жақсара түсіп, соңына дейін күресе аламыз деп үміттенемін», — деді Гвардиола баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, «Ливерпуль» өзінің 20-шы чемпиондық атағын жеңіп алып, ұлттық біріншіліктегі жеңістер саны бойынша «Манчестер Юнайтедтің» рекордын қайталады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!