25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хосеп Гвардиола: «Абдукодир Хусанов клуб үшін қажет ойыншы»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Хосеп Гвардиола: «Абдукодир Хусанов клуб үшін қажет ойыншы»

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола жаңа маусымға жоспарымен бөлісіп, команданың қорғанысындағы жас ойыншылардың рөліне тоқталды, деп жазады Zamin.uz.

Испан маман орталық қорғаныстағы негізгі жұп бұрынғыдай Рубен Диаш пен Джон Стоунз екенін атап өтті. Дегенмен, құрамда жоғары деңгейлі нұсқалар барын да ерекше айтты: «Әрине, олар (Диаш пен Стоунз) өте маңызды. Бірақ біз мұнымен шектелмейміз — Йошко Гвардиол, Мануэль Аканджи, Натан Аке және жас талант Абдукодир Хусанов клуб үшін бірдей қажет. Мен олардың әрқайсысына сенемін, мұндай тереңдік біз үшін үлкен мүмкіндік», — деді Гвардиола.

Бапкер маусым алдындағы басты басымдықты да атады: «Бір ғана тілегім бар — команданың денсаулығы. Жарақаттар болады, бірақ былтырғыдай көбеймеуі керек. Ең бастысы — футболшылар алаңға шығып, бәсекеге қабілетті болуы».