17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хорват жартылай қорғаушысы Батурина италиялық «Комоның» ойыншысы атанды

Хорват жартылай қорғаушысы Батурина италиялық «Комоның» ойыншысы атанды

«Комо» ресми сайтының мәліметінше, Мартин Батурина Загребтің «Динамосынан» италиялық клубқа ауысты — хорват жартылай қорғаушысымен келісімшарт 2030 жылдың жазына дейін жасалған.

Танымал инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, трансфер сомасы 17 миллион еуроны құрады, ал тағы 5 миллион бонус ретінде қарастырылған.

22 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымда Хорватия чемпионатында голдық пастар бойынша көш бастады — 33 ойында 11 нәтижелі пас берді. Өткен жылы Батуринаға мынадай алпауыт клубтар қызығушылық танытқан:

  • «Реал»
  • «Барселона»
  • «Манчестер Юнайтед»
  • «Атлетико»