03.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын аяқтады

Канадада өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы масқарамен аяқтады, — деп хабарлайды Бірінші бол. Біздің ұлттық құрама бірде-бір матчта жеңіске жете алмай, элиталық дивизионнан «ұшып кетті».

Соңғы матчты Сергей Старыгин шәкірттері Германияға қарсы өткізген болатын және үш ұпай иеленетін керемет мүмкіндігі уыстан шығарып алды. 3:1 есебімен алда тұрған Қазақстан ойыншылары өз қақпасына қатарынан екі гол жіберіп алса, овертаймда «неміс машинасын» тоқтату болған жоқ.

Осы ретте айта кету керек, Германия хоккейшілері төрт шайбаның үшеуін сан басымдығында жүріп соқты. Яғни, қазақстандық ойыншылардың соңғы матчтағы өрескел қателігі команданың элиталық дивизионнан шығып қалуына әкеліп отыр.

Қазақстан сапынан гол соққандар: Асанәлі Русланұлы (5-минут), Никита Ситников (18-минут), Артур Гросс (23-минут). Германия сапынан гол соққандар: Максим Шафер (5 және 24-минуттар), Юлиус Шумпф (45-минут).

Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңде бес матч өткізіп барлығында жеңілді:

  • Қазақстан – Швеция (1:8)
  • Қазақстан – Чехия (2:14)
  • Қазақстан – Словакия (4:5)
  • Қазақстан – Швейцария (1:3)
  • Қазақстан – Германия (3:4).