04.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

Хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

5-8 қараша аралығында Өскемен қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жарысқа қатысатын 23 спортшыдан тұратын тізімді бекітті.

Қақпашылар: Вероника Агеева, Полина Говтва (екеуі де – «Торпедо»), Арина Щеколова («Томирис»).

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Дария Молдабай (К), Александра Воронова (барлығы – «Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі де – «Торпедо»), Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова (барлығы – «Айсұлу»).

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова (К), Пернеш Әшімова, Лариса Свиридова (барлығы – «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы (барлығы – «Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева (Б), Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы – «Томирис»), София Муравьева, Мадианна Нусупова (екеуі де – «Айсұлу Таңдаулы»).