07.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хесус Медина Спартактан сауд клубына ауысты

Хесус Медина Спартактан сауд клубына ауысты

Мәскеудің «Спартак» клубы Хесус Мединаның Сауд Арабиясының «Дамак» клубына ауысқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды «Спартактың» телеграм-арнасы.

Парагвайлық жартылай қорғаушы қызыл-ақтар сапында 58 матч өткізіп, 8 гол соғып, 7 голдық пас берді.

«Хесусқа «Спартактың» жеңістеріне қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және алдағы мансабына сәттілік тілейміз!» — делінген мәскеулік клубтың ресми мәлімдемесінде.