28.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хавьер Дорадо 48 жасында қайтыс болды

Хавьер Дорадо 48 жасында қайтыс болды

Championat.com хабарлағандай, мадридтік «Реалдың» бұрынғы футболшысы Хавьер Дорадо 48 жасында дүниеден өтті.

«Корольдік клубтың» баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады:

«Клуб, оның президенті және директорлар кеңесі жастар академиясының түлегі және 1999-2000 жылдары негізгі команданың ойыншысы болған Хавьер Дорадоның қазасына байланысты қайғыра көңіл айтады. Туыстарына, жақындарына, командалас достарына және ол ойнаған барлық клубтарға көңіл айтамыз».

Мадрид клубының тәрбиеленушісі 1999/2000 маусымында Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ, ол Испанияның келесі клубтарында өнер көрсетті:

  • «Райо Вальекано»
  • «Спортинг»
  • «Мальорка»

Шамамен үш жыл бұрын бұрынғы футболшыға онкологиялық диагноз қойылған. Өткен жылдың мамыр айында Дорадо сүйек кемігін трансплантациялау процедурасынан өткен болатын.