29.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Харви Эллиотт жастар Еуро-2025 турнирінің үздік ойыншысы атанды

Харви Эллиотт жастар Еуро-2025 турнирінің үздік ойыншысы атанды

УЕФА мәліметінше, Англияның жастар құрамасы мен «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Харви Эллиотт U21 Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы атанды.

22 жастағы жартылай қорғаушы турнирде бес гол соқты — соңғысы Германияға қарсы финалдық матчта түсті, онда ағылшындар қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Күмәнсіз, бірінші матчтан бастап Англия құрамасының ең тиімді ойыншысы болды. Ол қауіпті аймақтарда доп қабылдау үшін кеңістік табуға мүмкіндік берген керемет тактикалық дайындығын көрсетті

УЕФА-ның техникалық бақылаушылары Эллиоттың көшбасшылық қасиеттерін, командалық ойынға қосқан үлесін және бүкіл турнир бойы шешуші сәттер жасау қабілетін ерекше атап өтті.