22.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Харри Кейн Бундеслиганың үздік ойыншысы атанып, мансабындағы алғашқы трофейін жеңіп алды

Харри Кейн Бундеслиганың үздік ойыншысы атанып, мансабындағы алғашқы трофейін жеңіп алды

Бундеслига сайтының хабарлауынша, мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Харри Кейн 2024/25 маусымының неміс чемпионатының үздік ойыншысы атанды.

Англия құрамасының 31 жастағы шабуылшысы «Бавария» құрамында чемпиондық атақты жеңіп алып, мансабындағы алғашқы трофейіне қол жеткізді. Ағымдағы маусымда Кейн турнирдің үздік сұрмергені атанып, 31 ойында 26 гол соғып, 8 голдық пас берді.

Ағылшын ойыншының көрсеткіштері әсерлі — оның бастапқы құрамдағы қатысуымен мюнхендіктер 22 рет жеңіске жетіп, 6 рет тең ойнады және бірде-бір жеңіліске ұшыраған жоқ. Шабуылшы орта есеппен әр 92 минут сайын қарсылас қақпасына гол соғып отырды.

Айта кетерлігі, Кейн он ойында «Бавария» үшін есеп ашты және мұндай әрбір матч оның командасының жеңісімен аяқталды.