26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Харри Кейн «Бавариядан» кетуі мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Харри Кейн «Бавариядан» кетуі мүмкін

Ағылшын шабуылшысы Харри Кейн қайтадан Премьер-лигаға оралуы ықтимал. Өзінің бүкіл мансабының басым бөлігін өткізген «Тоттенхэм» келесі жазда бұрынғы капитанын қайтаруды жоспарлап отыр.

Лондондық клуб 65 миллион еуро көлеміндегі арнайы бапты пайдаланып, футболшыны қайта сатып алуға ниетті. «Шпордың» бас бапкері Томас Франк та Кейннің оралуын қуана қабылдайтынын жасырмады.

Қазіргі келісімі 2027 жылға дейін «Бавариямен» жарамды болғанына қарамастан, жағдай өзгеруі мүмкін. Себебі, 31 жастағы форвардқа сұраныс әлі де жоғары. Үстіміздегі маусымда Кейн керемет нәтиже көрсетіп жүр, 7 ойында 13 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.