12.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Харбин-2025: Қазақстан құрамасы шаңғы эстафетасында қола медаль еншіледі

Харбиндегі Қысқы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы 4×7,5 шақырымдық шаңғы эстафетасында қола жүлдеге қол жеткізді. Құрама сапында Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев өнер көрсетті. Біздің спортшылар жеңімпаздардан 45.1 секундқа қалып қойып, үшінші орынға тұрақтады. Ал алтынды Қытай, күмісті Жапония құрамасы жеңіп алды.

Сол күні Қазақстанның әйелдер құрамасы да эстафетада күміс медаль иеленді.

Қазіргі таңда Қазақстанның Азиада-2025 ойындарындағы медальдық есебі 15 жүлдеден тұрады: 3 алтын, 7 күміс және 5 қола. Қысқы Азия ойындары 14 ақпанда аяқталады.