26.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ханс-Дитер Флик «Барселонада» қалатын болды

Euro-football.ru мәліметінше, «Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик каталондық клубтағы жұмысын жалғастырады.

Неміс маманының қазіргі келісімшарты 2025/26 маусымының соңына дейін жарамды. Клуб басшылығы оны тағы бір жылға ұзартып, жалақысын көтеруді жоспарлап отыр.

Фликтің «Барселонада» үш-төрт жыл жұмыс істейтіні болжануда. Осыдан кейін бапкер жаттықтырушылық мансабында үзіліс алып, футболдан демалуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Бавария» мен Германия құрамасының бұрынғы бапкері каталон клубына өткен жазда қосылған. Биылғы ақпан айында Флик 60 жасқа толды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!