19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хамзат Чимаев UFC 321 турниріне қатысу мүмкіндігін жоққа шығармады

Хамзат Чимаев UFC 321 турниріне қатысу мүмкіндігін жоққа шығармады

Жаңа орта салмақ чемпионы Хамзат Чимаев БАӘ астанасы Әбу-Дабиде өтетін UFC 321 турниріне қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазір көреміз, аздап жарақаттар бар, егер олар мүмкіндік берсе қатысамын», — деді Чимаев сұхбатында.

Еске салайық, 17 тамызда жеңіліссіз келе жатқан шешен спортшысы Чимаев БАӘ атынан өнер көрсетіп, әлем чемпионы оңтүстікафрикалық Дрикус дю Плессиді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді.