07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хамзат Чимаев мансабын аяқтау туралы қауесеттерге жауап берді

Хамзат Чимаев мансабын аяқтау туралы қауесеттерге жауап берді

UFC титулына үміткер Хамзат Чимаев чемпиондық белбеуді жеңіп алғаннан кейін мансабын аяқтауы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мұндай қауесеттер қайдан шыққанын білмеймін. Маған ақша керек. Бұл жерде бір титул жеткіліксіз», — деп келтіреді Чимаевтың сөзін ESPN.

Айта кетейік, 17 тамызда UFC 319 турнирінде Чимаев Дрикус дю Плессисмен орта салмақтағы титул үшін жекпе-жек өткізеді.

Хамзаттың ММА-да 14 жеңісі бар, жеңілген жоқ.