21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хамзат Чимаев Грозныйға чемпиондық белбеумен оралып, Maybach иеленді

Хамзат Чимаев Грозныйға чемпиондық белбеумен оралып, Maybach иеленді

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров орта салмақтағы жаңа UFC чемпионы Хамзат Чимаевты Грозный әуежайында күтіп алып, оған Maybach көлігін сыйға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

БАҚ мәліметінше, Қадыров Чикагода өткен UFC 319 турнирінде оңтүстікафрикалық Дрикус дю Плессиді жеңіп, чемпиондық белбеуді еншілеген Чимаевты құттықтап, оған осындай сый жасады.

Ресми түрде Біріккен Араб Әмірліктерінің атынан шығатын Хамзат шыққан тегі бойынша шешен спортшысы саналады.

«Мен Хамзат Чимаевтың жеңісіне толық сендім. Еш күмәнім болған жоқ», – деп атап өтті Қадыров журналистерге берген сұхбатында.

Әуежайдағы кездесу сәтінің бейнежазбалары «Ушатайка» Telegram-арнасында жарияланды. Онда Чимаевтың ұшақтан UFC белбеуімен шығып, Қадыровтың оны жылы жүзбен қарсы алғаны көрініс тапқан.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері UFC 319 турнирінің басты айқасында Чимаев бес раундтық тартыста Дрикус дю Плессиді жеңіп, орта салмақтағы чемпион атағына қол жеткізді.